Сомалиге гуманитарлық жәрдем

Бір топ Голливуд жұлдызы ТӘЖ арқылы Сомалиге жәрдем кампаниясына қолдау көрсетті.

696805
Сомалиге гуманитарлық жәрдем

Әйгілі актер Бен Стиллер басшылығында бір топ Голливуд жұлдызы Түрік әуе жолдары арқылы Сомалиге азық-түлік пен ауыз су кампаниясына қолдау көрсетті.

Франция интернет қожайыны Иероним Жарр бастаған «Сомали үшін сүйіспеншілік талпынысы» іс-шараларына Стиллер сынды көптеген әйгілі тұлғалар қатысты.

Голливуд жұлдызы тобы интернет арқылы жылу жинай бастаған соң Твитт парақшасында да «Түрік әуе жолдары Сомалиге жәрдем бер» атты тақырып қолданған және Түрік әуе жолдарын жедел жәрдемді жеткізуге көндірген еді.

Жылу жасаған әйгілі тұлғалар арасында баскетболшы Уилсон Чендлер мен Америка футболшысы Колин Каперник те бар.

Gofundme.com интернет сайтында «Сомали үшін сүйіспеншілік талпынысы» жылуында жиналған жылу 1 миллион 800 мың доллар болды.

Түрік әуе жолдары Сомалидің астанасы Могадишоға жүйелі түрде рейсі болған Шығыс Африка тысындағы тұңғыш ұшақ компаниясы болып табылады. 



Ұқсас жаңалықтар