Голландиядағы сайлауда дауыстардың 90 пайызы есептелді

Сайлаудан премьер-министр Марк Рюттенің Еркіндік пен демократия үшін халық партиясы жеңіспен шықты.

692474
Голландиядағы сайлауда дауыстардың 90 пайызы есептелді

Голландияда болып өткен жалпы халықтық сайлауда дауыстардың 90 пайызы есептелді.

Сайлаудан премьер-министр Марк Рютте басшылық жасаған Еркіндік пен демократия үшін халық партиясы жеңіспен шықты.

Рюттенің партиясынан 150 мүшелі парламентке 33 депутат сайланды. Алайда Рютте 2012 сайлауда қол жеткізген 41 орынға тағы ұласпады.

Рютте «Голландия теріс популизмге ‘жоқ’ деп дауыс қолданды. Енді сайлау науқаны аяқталды. Бірігіп тұрақты бір үкімет құруымыз керек» деді.

Сайлауда Христиан демократ партиясы 25 орын мен екінші орынды иеледі.

Ислам дұшпаны радикал оңшыл Герт Вилдерс басшылық жасаған Еркіндік партиясының тек қана 18 депутатын парламентке сайланды.

Жасыл солшыл партиясы болса 16 орын иелеп коалиция келіссөздерінде маңызды рөл алатын болды.

Үкіметтің ортағы болған Жұмысшы партиясы үлкен жеңіліске ұшырады.

2012 жылы 38 депутаты бар партия осы жолы 29 орнынан айырылып, 9 орынға қысқарды.

Түріктер құрған Теңдік партиясы болса 3 депутатпен парламентте орын алатын болды.

Теңдік Еуропадағы шетелдіктер құраған партия ретінде сайлауға қатысқан тұңғыш партия болу ерекшелігіне ие.

Үкіметті құру жұмыстарының ұзаққа созылуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар