Дамаскіде 97 адам жарақат алды

Дамаскінің Кабун ауданына кеше режим күштері тарапынан жасалған шабуылда 97 адам жарақат алды.

675667
Дамаскіде 97 адам жарақат алды

Сирияның астанасы Дамаскінің Кабун ауданына кеше режим күштері тарапынан жасалған шабуылда 97 адам жарақат алды.

Кабуын ауданының лауазымы Уйейд Авад Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде режим күштерінің Дамаскінің шығысында орын алған Кабун ауданына зымыранмен шабуыл жасағанын баяндады.

Шабуылда 97 адамның жарақат алғанын және кейбір адамның жағдайының ауыр екенін білдірген Авад «Асад күштері бірнеше күннен бары Дамаскінің үш аймағында оппозиционерлердің бақылауға алған орындарға шабуыл жасауда. Дамаск әкімшілігі 30 желтоқсанда қол қойған оқ атуды тоқтату келісімін бұзып, оппозицияға оқ атуда» деді.

 


Этикеттер: #Сирия , #Дамаск , #Асад

Ұқсас жаңалықтар