Түрік консулдығына шабуыл

Комотини бас консулдығының сыртқы қабырғасы мен ауласына бояумен шабуыл жасалды.

665809
Түрік консулдығына шабуыл

Грекияда Түркияның Комотини бас консулдығының сыртқы қабырғасы мен ауласына бояумен шабуыл жасалды.

Кеше түскі мезгілде Түрік бас консулдығы орналасқан көшеге барған шамамен 8 адамдық топ консулдық ғимаратының қабырғасы мен ауласына қызыл және қара бояу бар шиша лақтырды.

Куәгерлер DHKP-C террор ұйымына қолдау берген шабуылдаушылардың грек тілінде қағаздар лақтырғанын айтты.

Шабуылдаушылар артынан қашып кетті.

Полиция тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар