Шекараға қабырға салады

Латвия Ресей шекарасына қабырға салады.

666175
Шекараға қабырға салады

Латвия Ресей арқылы босқын келуіне кедергі болу мақсатымен 276 километрлік шекараға қабырға салады.

Латвия баспасөзінің хабарларына қарағанда, Ресей шекарасының толығымен жабылуының бірінші сатысы ретінде 23 километрге қабырға салынды.

Биыл шекараның 60 километріне қабырға салынады.  Жоба үшін үкімет 6,3 миллион евро қаражат бөліп отыр.

Латвия Кеден басқармасының баспасөз хатшысы Евгения Позняк Ресей шекарасында табиғи кедергілер жоқ 193 километрлік алаңға биіктігі үш метр қабырға салатындарын білдірді.  Бұл жұмыс 2019 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Эстония да Ресеймен шекарасына қабырға салатынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар