Мексикада аптап ыстықтан 138 ұлыған маймыл өлді

“Usumacinta” атты биоәртүрлілікті сақтау ұйымы мәлімдеме жасады.

2142977
Мексикада аптап ыстықтан 138 ұлыған маймыл өлді

Елдің Табаско штатында “Usumacinta” атты биоәртүрлілікті сақтау ұйымы аймақтағы қатты ыстық ауа райының маймылдарға теріс әсер еткенін мәлімдеді.

Мәлімдемеде Табаскода 16 мамыр күнінен бері 138 ұлыған маймылдың өлгені, құтқарылған маймылдардың кейбірінің ветеринарға жеткізіліп, емделгені айтылды.

Ветеринар дәрігері Серхио Валенсуэла басына күн өткен маймылдардың сусыз қалғанын және жағдайларының ауыр екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар