ЕО украиналықтарды уақытша қорғауды мерзімін ұзартты

Мур Еуроодақ Ішкі істер министрлері жиналысынан кейін бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

2153105
ЕО украиналықтарды уақытша қорғауды мерзімін ұзартты

Еуропалық Одақ (ЕО) соғыстан қашқан украиналықтарды уақытша қорғауды көздейтін ЕО-ның уақытша қорғаныс директивасының әрекет ету мерзімін 2026 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бельгияның Иммиграция және баспана жөніндегі мемлекеттік министрі, ЕО-ның уақытша президенті Николь де Мур Еуроодақ Ішкі істер министрлері жиналысынан кейін бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Мур Ішкі істер министрлерінің Еуроодақ комиссиясының Ресеймен соғыстан қашқан украиналықтарға 2022 жылдың ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан уақытша қорғауды 2025 жылдың 4 наурызынан 2026 жылдың 4 наурызына дейін ұзарту туралы ұсынысын қабылдағанын айтты.

Мур қабылданған шешіммен министрлердің «Украинамен ынтымақтастығын жалғастыратынын көрсетті» деп мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар