Хоуситтер 3 кемені нысанаға алды

Хоуситтер Йеменде 3 кемеге шабуыл жасағандарын мәлімдеді.

2153029
Хоуситтер 3 кемені нысанаға алды

Йеменде Иран қолдау берген хоуситтер соңғы 24 сағатта баллистикалық зымырандар және пилотсыз әуе көліктерімен 3 кемені нысанаға алғандарын жариялады.

Хоуситтер жасаған мәлімдемеде Қызылтеңізде «SeaGuardian» және «Athena» атты кемелердің Оман теңізінде болса «Вербена» атты кеменің баллистикалық зымыран мен пилотсыз әуе көліктерімен атылғаны атап көрсетілді.

Шабуылдардың Палестинадағы оқиғалар мен АҚШ-пен Ұлыбританияның Йеменге бағытталған шабуылдарына жауап ретінде жасалғаны білдірілді.

АҚШ Орталық қолбасшылығы болса Қызылтеңізде хоуситтерге тиесілі екі патрульдік қайық, бір кеме және бір пилотсыз әуе көлігінің жойылғаны хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар