АҚШ президентінің шешімі Ұлыбританияда протест етілді

Лондоннан бастап көптеген қаладағы наразылық шерулеріне мыңдаған адам қатысты.

662155
АҚШ президентінің шешімі Ұлыбританияда протест етілді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамптың мұсылман жеті елдің елге кіруіне тыйым салу шешімі Ұлыбританияда да протест етілді.

Лондоннан бастап көптеген қаладағы наразылық шерулеріне мыңдаған адам қатысты.

Әлеуметтік медиа арқылы ұйымдастырылған шеру үшін көптеген адам Лондондағы Премьер-министрлік ғимараты алдында жиналды.

Шеруге нәсілшілдікке қарсы азаматтық қоғам мекемелеріне қоса ағылшын парламентінің кейбір мүшелері мен өнер және спорт әлемінің танымал тұлғалары да қатысты.

Трамптың дау туғызған виза тыйымы шешімін протест еткен ереуілшілер премьер-министр Тереза Мэйдің өткен аптадағы Вашингтон сапарын сынға алды.

Ұлыбританияның 30 қаласында да ұқсас шерулер ұйымдастырылды.

Аталмыш шешім Канадада да протест етілді.



Ұқсас жаңалықтар