Жаңа бас хатшы Түркиядағы терактіні қатаң түрде айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы Антониу Гутерреш міндетін бастады.

643681
Жаңа бас хатшы Түркиядағы терактіні қатаң түрде айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы Антониу Гутерреш міндетін қабылдап алды.

Гутерреш алғашқы жұмыс күнінде Жаңа жыл түні 39 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алған Стамбұлдағы опасыз шабуылды айыптады.

БҰҰ Босқындар Жоғары комиссарлығы міндетін атқарған кезде Түркиямен тығыз жұмыстанғанын және түрік халқының жомарттығына куә болғанын атап айтқан Гутерреш «Ең көп босқынды асыраған түрік халқы қорқынышты террор шабуылының құрбаны болды» деді.

Шабуылда қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтқан Гутерреш Стамбұлдағы «жиренішті» шабуыл күдіктілерінің тез арада ұсталып, сотталуын үміт еткенін білдірді.

Мәселелердің жаһандық тұғырға көшкенін және ел ішінде шешіле алмайтынын атап көрсеткен Гутерреш жаһандық мәселелерге тек қана жаһандық шешімдер табыла алатынын және БҰҰ-ның көп тұсты ұстанымдарының іргетас екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар