CIA Түркиядан кешірім сұрады

AҚШ Түркиямен қате координат бөліскені себепті кешірім сұрады.

632153
CIA Түркиядан кешірім сұрады

Мемлекеттік хатшы Джон Керри мен Орталық барлау басқармасы CIA мұның алдында жасағандары «ДАИШ-пен мұнай саудасы» қауесеті негізсіз шыққан соң Түркиядан кешірім сұрады.

Керри 2014 жылы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна Түркияның террор ұйымы ДАИШ-тен мұнай сатып алғанын алға тартқан болатын.

Чавушоғлу болса бұл қауесеттерге қатаң жауап қайтарып, «Сізге жалған ақпарат бөліскендерді білеміз. Олар - Мысырмен қарым-қатынастарымыз себепті бізге наразы болған кейбір араб елдері. Бұл ауыр бір айыптау. Маған осының құжаттарын беріңіз» деген болатын.

Керримен кейінгі бірнеше жиналыста аталмыш қауесеттің құжаттарын талап еткен Чавушоғлу қысқа уақыт өткен соң бір папка жіберілді.

Папка Түрік барлау ұйымдары тарапынан тексерілген соң заңсыз мұнай саудасына қатысы бар екені алға тартылған координаттардың Килис муниципалитетінің асфальттау жерін көрсеткені ортаға шықты.

Сыртқы істер министрлігі ақпарат көздері АҚШ-қа бұл мағлұматты жеткізген соң Джон Керри ауызша, CIA болса жазбаша мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар