ПЙД террор ұйымы Сирияда орта мектепті жапты
Сирияның Хасеке қаласына қарасты Камышлы ауданында 2 мың оқушы мектепсіз қалды.
Террор ұйымы ПЙД/ПКК Сирияның Хасеке қаласына қарасты Камышлы ауданында 2 мың оқушыны мектепсіз қалдырды.
Бұрын мектеп басшылары мен мұғалімдерін қорқытқан террористтер Манахил Элбир орта мектебіне басып кірді.
Күндізгі және кешкі білім беру жүйесінде оқыған мектептегі 2 мың оқушы террор ұйымы мүшелерінің басқынымен мектептен шығарылды.
Оқушыларға бұдан кейін мектепке келмеулерін айтқан ұйым мүшелері ғимарат қақпасын құлыптады.
ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД 9 қазан күні Камышлыда жекеменшік Үміт пен бейбітшілік мектебі, 10 қазан күні жекеменшік Евфрат колледжі, 24 қазан күні болса Дейрик ауданындағы арнайы армян мектебін басып кірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.