Еуроодақ бірінші рет қабылдады

Тиммерманс Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінде рол ойнағаны жөнінде ишараттардың артқанын айтты.

611773
Еуроодақ бірінші рет қабылдады

Еуроодақ комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Франс Тиммерманс Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінде рол ойнағаны жөнінде ишараттардың артқанын айтты.

Бір журналистің сұрақтарына жауап берген Тиммерманс: «АҚШ-та Пенсильванияда тұратын Фетуллах Гүленнің Түркиядағы төңкерісті басқарған адам екенін көрсететін белгілер бар» деді.

Франс Тиммерманс «Төңкеріс әрекеті тақырыбында өте аз эмпатия көргендерін айтқан түріктер дұрыс айтады.  Қолдау көрсетуде жомарт болуға болар еді» деді.

Тиммерманс Еуропаның төңкеріс әрекетіне жеңіл қарағанына білдірді. «Президент Режеп Тайып Ердоғанның Фетуллахшы террор ұйымының төңкерісте рол ойнағаны жөніндегі сөздері босына емес. АҚШ-тағы тексерулерде аталмыш қозғалыстың төңкерісте рол ойнағаны жөнінде ишараттар артуда» деді ол.

Осылайша Еуропаның жоғары деңгейдегі тұлғасы бірінші рет Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетіндегі ролін қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар