Бағдаттағы шабуылдарда 7 адам қаза тапты

Бағдаттың әртүрлі жеріне жасалған шабуылдарда 13 адам жарақат алды.

611004
Бағдаттағы шабуылдарда 7 адам қаза тапты

Ирактың астанасы Бағдаттың әртүрлі жеріне жасалған шабуылдарда 7 адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

Бағдат полиция дирекциясы қаланың батысындағы Әбу Гурейб ауданында дүкендердің алдында бір бомбаның жарылуы салдарынан 3 адам қаза тауып, 8 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Қаланың оңтүстігіндегі Әл-Махмудийе ауданында болса бір халық базары маңында жасалған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, 5 адам жараланды.

Әл-Везирийе аумағында бір топ қарлы адамның шабуылы нәтижесінде 2 адам қаза тапты.

Қауіпсіздік қамтамасыз етіле алмаған Бағдатта қақтығыстар мен бомбалы шабуылдар соңғы күндері артты.

Ирактық лауазымдылар шабуылдардың ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар топтар тарапынан жасалғанын алға тартады.



Ұқсас жаңалықтар