Сайлау екінші турға қалды

Радев пен Цачева 13 қараша жексенбі күні екінші турда бақ сынасады.

606408
Сайлау екінші турға қалды

Болгарияда президенттік сайлаудың екінші турға қалғаны нақтыланды.

Орталық сайлау комитеті 6 қараша күні өткен президенттік сайлаудың бірінші тур қорытындысын жариялады.

Осыған орай дауыстың 25,43 пайызын Болгария Социалистік партиясының кандидаты Румен Радев жинады.  Биліктегі Болгарияның Еуропалық дамуы үшін азаматтар партиясының кандидаты,  Парламент төрайымы Цецка Цачева болса 21,96 пайыз дауыс жинады.

Радев пен Цачева 13 қараша жексенбі күні екінші турда бақ сынасады.

Сайлаумен бірге өткізілген референдум болса қатысушы саны аз болғандықтан жарамсыз деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар