Әрбір 7 секундта бір қыз бала тұрмысқа беріледі

ЮНИСЕФ-тің болжамына қарағанда бүгінгі таңда бала кезде тұрмысқа берілген әйел саны - 700 миллион.

587218
Әрбір 7 секундта бір қыз бала тұрмысқа беріледі

Әрбір 7 секундта бір қыз бала тұрмысқа беріледі.

«Save the Children»  атты көмек ұйымы әлем көлемінде әрбір 7 секундте 15 жастан кіші бір қыздың тұрмысқа берілгенін білдірді.

Осы ұйымның есебінде әлемдегі елдер мектепке бару,  бала жаста үйлендіру, аяғы ауыр болып қалу, ана өлімдері мен парламенттегі әйелдер санына қарай тізіп жазылған.

Тізімде 144 ел орын алады. алғашқы үш орында Швеция, Финляндия және Норвегия келеді. Осы елдерден кейін Голландия, Бельгия және Дания келеді.

Тізімнің ең соңында Чад, Нигер, Орталық Африка Республикасы, Мали және Сомали келеді.

Ұйымның зерттеуіне қарағанда Ауғанстан, Йемен, Үндістан және Сомали сынды кейбір елдерде жастары 10-ға толмаған қыздарды тұрмысқа беруге күштейді. Мұның себебі ретінде қақтығыс, кедейлік және гуманитарлық дағдарыстар көрсетіледі.

«Бала кезден тұрмысқа шыққан қыздар оқу, білім алу, дене жағынан өсу және бала болу хақтарынан мақұрым қалады.  Ерте тұрмысқа шыққан қыздар мектепке бара алмайды, отбасында таяқ жейді, зорланады. Түрлі жұқпалы ауруларға душар болады» деп айтылды.

Босқын лагерьлерінде тұратын қыз балалардың ерте тұрмысқа шығу ықтималы өте жоғары. Көптеген босқын отбасы қыздарын кедейлік және жыныстық күштеуден қорғау үшін тұрмысқа береді.

ЮНИСЕФ-тің болжамына қарағанда бүгінгі таңда бала кезде тұрмысқа берілген 700 миллион әйел болса,  бұл сан 2030 жылы 950 миллионға жетеді.



Ұқсас жаңалықтар