Канададан Түркияға қолдау

15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына халықаралық қоғамнан наразылықтар жалғасты.

534322
Канададан Түркияға қолдау

Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) мүшесі террористтердің 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасына халықаралық қоғамнан наразылықтар жалғасты.

Канаданың әртүрлі қалаларындағы мұсылман топтарға тиесілі қоғам мен қорлардың өкілдерінен Түркияның Оттава өкілетті және төтенше елшілігіне қолдау жолдамалары келді.

Түркиядағы атазаңмен қамтамасыз етілген тәртіпке бағытталған төңкеріс бастамасын айыптау, демократия және Түркиямен ынтымақтастықтарын ашық түрде ортаға қою мақсатты Канададағы мұсылман қоғамына өкілдік жасайтын азаматтық қоғамдар қолдау жолдамалары жасады.

Шетелдік елшілік лауазымдылары мен тұлғаларға қоса Канададағы Сомали, Сирия және Ливан қоғамдарынан көптеген адамның Түркия өкілетті елшілігіне телефон шалып немесе барып қолдау көрсеткенін және көңіл айтқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар