Джон Керри мен Джоли ауызашарға қатысты

Керри сөзін «Селамүн алейкүм» деп бастады.

515016
Джон Керри мен Джоли ауызашарға қатысты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының арнайы өкілі Анджелина Джоли Халықаралық Босқындар күніне орай ұйымдастырылған ауызашарға қатысты.

Ауызашар бағдарламасындағы сөзін «Селамүн алейкүм» деп бастаған Керри мұсылман әлемінің ең қасиетті айын атап өтіп жатқанын еске салып, «Рамазан Кәрім» сөзін қолданды.

Керри АҚШ-қа қабылданған босқындардың ел қауіпсіздігі үшін қатер деген бағыттағы көзқарастарға қатал наразылық білдіріп, «Белгілі бір бақылау жасалғаннан кейін АҚШ-қа қабылданған осы босқындар еліміз үшін еш қатер болмайды» деді.

Мұсылмандарға қарсы жаман сөздердің террористік топтарға пайдалы екеніне назар аударған Керри былай деді: «Мұсылмандарды жек көру, оларды нысана қып көрсету террористтер үшін пайдалы.  АҚШ пен Ислам арасында соғыс бар секілді көзқарас жаратқысы келеді. Бұл дұрыс емес.  Мұсылмандар еркін өмір сүретін АҚШ секілді басқа бер ел жоқ» деді.

Анджелина Джоли де «Адамдар тең болып туады. Барлық адамдардың құқықтары тең. Кейбір адамдардың құнының жоғары екенін ойлау демократиялық елдерге жараспайды» деді.

Түрлі дін өкілдері қатысқан ауызашарда кешкі азанды АҚШ армиясында міндет атқаратын мұсылман бір әскердің оқуы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар