Обама 'радикал Ислам' сындарына жауап қайтарды

«ДАИШ-ті радикал Исламшылар деп атағанмен ұйымды жеңе алмаймыз».

511259
Обама 'радикал Ислам' сындарына жауап қайтарды

АҚШ президенті Барак Обама елдегі террор шабуылымен байланысты «радикал ислам» атауын қолданбауы жөніндегі сындарға «Бір қауіпті әртүрлі атпен атау оны жоймайды. Бұл саяси назар аудару болып табылады» деді.

АҚШ президенті Обама Орландода 49 адам қаза тапқан шабуылды және ДАИШ-ке қарсы берілген күреспен байланысты ақпарат алу үшін Қазына министрлігінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысы ұйымдастырды.

Жиналыстың артынан баспасөзге мәлімдеме жасаған Обама түнгі клуб шабуылымен байланысты «Қазір шетелдік бір террор тобының Орландодағы шабуылды басқарғанын көрсеткен кезкелген бір мағлұматқа ие емеспіз» деді.

Террор шабуылдарымен байланысты «радикал ислам» сөйлемін қолданбауы жайлы сындарға жауап қайтарған Обама Конгрестегі республикашылардың «ДАИШ-ті радикал Исламшылар деп атағанмен ұйымды жеңе алмаймыз» дегендерін еске салып, «Бұл атауды қолдану не пайда әкеледі? Нені өзгертеді? ДАИШ-тің Американдықтарды одан аз өлтіруге уә бергізе ме? Одан көп одақтас жинай ма? Жауап бұлардың еш қайсысы? Бір қауіпті әртүрлі атпен атау оны жоймайды? Бұл саяси бір назар тарқату. 7,5 жылдық президенттік міндетімде ‘радикал ислам’ атауын қолданбағанымыз себепті қадағалай алмаған бір стратегиямыз болмады. Ешбір кеңесшіміз ‘Егер бұл атауды қолданатын болсақ, мұны жермен-жексен қыламыз’ деген жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар