Талибан алып қашқан бұрынғы премьер-министрдің баласы құтқарылды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Юсуф Рыза Гиланидің баласы 3 жылдан кейін құтқарылды.

487928
Талибан алып қашқан бұрынғы премьер-министрдің баласы құтқарылды

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Юсуф Рыза Гиланидің Талибан тарапынан 3 жыл бұрын алып қашқаны болжалған баласы Али Хайдар Гилани Ауғанстандағы бір операциямен құтқарылды.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Гиланидің ауған және АҚШ күштерінің ортақ операциясымен Ауғанстанда құтқарылғаны мәлімденді.

Гилани 3 жылдан бері Талибан ұйымының қолында болатын.

Мәлімдемеде Пәкістан премьер-министрінің Сыртқы қатынастар кеңесшісі Сертач Азиз ауған әріптесімен телефонда әңгімелескенін, Гиланидің құтқарылғаны және жағдайының жақсы екені жөнінде ақпарат бөліскенін білдірді.

30 жасар Гиланидің 2013 жылы мамыр айында Мултан қаласында сайлау науқаны кезінде Талибанның алып қашқаны алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар