1800 босқын құтқарылды

Босқындарды Сицилия аралы маңында Италия жағалау күзеті құтқарды.

485987
1800 босқын құтқарылды

Жерорта теңізінде бұл жолы 1800 босқын құтқарылды.

Еуропаға жетуге тырысқан қайықтардағы босқындарды Сицилия аралы маңында Италия жағалау күзеті құтқарды.

Италия кемелері Ливиядан жолға шыққан 10 қайықтағы босқындарға қолұшын берді.

Ауар райы жылынып, Балқан маршрутындағы жол жабылғаннан кейін заңсыз босқындардың Италия жағасына келуі арта түсетін болды.

Италия өкілетті органдары биылғы жылдың басынан бері құтқарылған босқын санының 30 мыңнан асқанын хабарлады.

Ливияда Еуропаға жету үшін кезек күтіп тұрған 1 миллион шақты адам бар екені айтылуда.


Этикеттер: #босқын , #Италия , #Ливия

Ұқсас жаңалықтар