Ирак армиясы ДАИШ қоршауын жойды

Ирак армиясы Энбар уәлаятына қарасты Хадисе мен Эл-Бағдади ауданында ДАИШ қоршауын бұзды.

483027
Ирак армиясы ДАИШ қоршауын жойды

Ирак Армиясына қарасты Эл-Жазира операциялары қолбасшысы Али Ибрахим халықаралық күштер қолдау берген Ирак армиясының Энбардың орталығы Рамадидің батысындағы Хадисе ауданынан бастап, Эл-Бағдадиге дейінгі аймақты бақылауға алғанын мәлімдеді.

Ибрахим Хэт ауданына дейін созылған аймақта ДАИШ қоршауын бұзып, аталмыш жерлерде бақылауды қамтамасыз еткендерін білдірді.

Басқа жағынан Энбар операциялары қолбасшысы генерал-лейтенант Исмаил эл-Махлави халықаралық коалиция күштері мен Ирак армиясына тиесілі ұшақтардың Энбарда ДАИШ нысаналарына бағытталған әуе шабуылдары ұйымдастырғанын атап көрсетті.

Рамадидің солтүстігіндегі Элбу Ассаф аймағында ДАИШ террор ұйымына тиесілі бір штабтың нысанаға алынғанын және 15 террористтің өлтірілгенін атап көрсеткен Махлави Эль-Фаллуджаның батысындағы Эль-Феллахат ауданында да ұйымға тиесілі қоймалар мен бомба өңдеу орталығы жойылған шабуылда 14 террористтің өлтірілгенін, 10 террористтің болса жаралы қолға түскенін атап айтты.

Террор ұйымы ДАИШ Ирак қауіпсіздік күштері және халықаралық коалиция күштері пайдаланған Айн эл-Асад әуе базасы орналасқан Эль-Бағдади ауданы мен Хэт ауданын 2014 жылы бақылауына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар