Сирияда соғыстың 5 жылы

Жеке адамның өмір жасы 2010 жылы орташа 70 жыл болса, 2015 жылы 55,4 жыл болды.

451836
Сирияда соғыстың 5 жылы

Сириядағы қақтығыстар 2011 жылдың 15 наурыз күні Дерада үкіметке қарсы наразылықтар түрінде басталды. Артынан әкімшілік, оппозиция, Әл Кайданың жалғасы Нусра майданы, ДАИШ террор ұйымы мен YPG содырлар тобы сынды бес топ арасында азаматтық соғысқа айналды.

БҰҰ соғыс басталғалы бері қаза тапқан адам санын кемінде 250 мың деп отыр. Алайда Сирия Саяси зерттеулер орталығы 10 ақпан күні бір есеп жариялап, өлі санының 470 мыңнан асқанын хабарлады. 5 миллионнан астам сириялық азамат Түркия, Ливия, Ирак және Мысыр сынды елдерге қашты. 2,7 миллион босқын Түркияға келіп, Түркия ең көп босқынды паналатып отырған ел болды.

Сириядағы жай халықты өлтіргендер:

Әкімшілік жасақтары: 95,06 пайыз – 183,014 адам

Қарулы оппозиция топтары: 1,48 пайыз – 2846 адам

Анықталмаған топтар: 1,1 пайыз – 2017 адам

ДАИШ: 1,03 пайыз – 1989 адам

Америка басшылығындағы коалиция: 078 пайыз – 1989 адам

Орыс күштері: 0,21 пайыз – 1507 адам

YPG: 0,18 пайыз – 403 адам

Нусра майданы: 0,16 пайыз – 354 адам

2011 жылы соғыс басталғалы бері шамамен 813 мың босқын Еуропа Одағы елдерінен паналау құқығын сұрады. Мыңдаған адам әлі Еуропаға жетуге тырысуда. Бұл да жаһандық босқын дағдарысына айналды.

Сирия Саяси зерттеулер орталығының есебіне қарағанда Сирияда қазірге дейін қаза тапқан 470 мың адамның 400 мыңы шабуылдар нәтижесінде, 70 мыңы да негізгі мұқтаждықтардың жетіспеушілігінен қаза тапты. 1,9 миллион адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

2015 жылы тұрғындардың 45 пайызы босқын жағдайына келді. Қазір 1,7 миллион сириялық лагерь және түрлі орталықтарда тұрады.

Мектеп жасындағы балалардың 45,2 пайызы білім алмайды. Әрбір төрт мектептің бірі қирады немесе басқа мақсаттарда қолданылуда.

Жеке адамның өмір жасы 2010 жылы орташа 70 жыл болса, 2015 жылы 55,4 жыл болды.

13,8 миллион адам жұмыссыз қалды. Әрбір үш отбасының бірі қарыздар. Кедейлік 85 пайыз артты.

Соғыс әкелген шығын ел көлемінде 255 миллион доллар.



Ұқсас жаңалықтар