Түркия жаңа босқын жоспары дайын

Германия канцлері Түркияның Сирия жерінде жаңа босқын лагерлері құру ұсынысын қолдады

434197
Түркия жаңа босқын жоспары дайын

ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД-нің қарулы күші ЙПГ-нің Ресей мен АҚШ-тың қолдауымен қозғалуы, Ресейдің әуе шабуылдары және сандары 500-600 мыңға ұласатын жаңа босқын көші қаупіне қарсы барлық сценарийлер Түркияның күн тәртібінде.

Сирия шекарасына жаңа босқын көші болған жағдайда, Түркия бұл жолы шекараның Сирия жеріне лагерлер құруды жоспарлайды. Кезкелген 10 босқынның бірі ғана Түркияға қабылданатын болады. Өйткені қазірге дейін құрылған лагерлерде орын табылмайды.

Шекараның арғы жағына Түркия құратын қауіпсіз аймақ арқылы ЙПГ-нің кантондарды біріктіру мақсатының да алдын алады.

Әрине мұндай бір аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше мәселе. Мұның үшін АҚШ басшылығында көп ұлтты бір күштің құрылуы жоспарланады. Керісінше бұл лагерлерге орналастырылатын жазықсыз халықты қорғау қиынға соғып, нысанаға айналуы мүмкін.

Германия Түркияның бұл ұсынысын қолдағанын білдірді.

Германия канцлері Ангела Меркель Түркияның Сирия шекарасының 10 шақырымын қауіпсіз аймақ жариялау ұсынысын қолдағанын мәлімдеді.

Меркель Еуроодақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін босқындардың саяси тұрақтылық қамтамасыз етілген және террор қаупінен аулақ бір аймақта, яғни Түркияның қадағалауында болу керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар