Парижде Климат саммиті

Климат саммитіне 150 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысуда.

396339
Парижде Климат саммиті

Францияның бас қаласы Парижде басталған БҰҰ 21-ші Климат саммитіне 150 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысуда. Саммитке келген басшылар жаһандық жылынудың азайтылуы үшін шара қолданылуын талап етті.
Саммиттің беташарында сөз сөйлеген Франция президенті Франсуа Олланд ниет білдіретін декларациялардың енді жеткілікті еместігін, осы аптаның аяғына дейін жаңа климат келісіміне қол қою керектігін айтты.
Саммитке Түркия атынан қатысқан президент Режеп Тайып Ердоған баяндамасын Париждегі 13 қарашада болған террор лаңкестіктеріне орай көңіл айтумен бастады. Ердоған саммиттің аяғында әділ және ауқымды келісімге келудің маңыздылығын атап көрсетті.
Президент Ердоған: «Париж келісімінде теңгерімнің қамдалуы мақсатымен азайту және үйлесімділік тақырыптары тең түрде қолға алынуы керек, қолдаулар арқылы бағдарлама нығайтылуы тиіс. Бұл тақырыпта негізгі жауапкершілікті дамыған елдер мойынға алу керек» деді.
Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама болса «ұлттық менмендікке» қарсы ескерту жасады. Обама болашақ ұрпақтарға өмір сүруге татитын әлем қалдыру керектігін білдірді.
Германия канцлері Ангела Меркель де климаттың сақталуы жөнінде мықты үндеу жариялау керектігін айтты.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Климат саммитінің аяғында «ашық үндеу» керектігін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар