Обамадан маңызды мәлімдеме

АҚШ президенті Ресей басшысы Владимир Путинді айыптады.

298240
Обамадан маңызды мәлімдеме

АҚШ президенті Ресей басшысы Владимир Путинді «Кеңес Одағы қиялымен жүріп, ел экономикасын қиратуда» деп айыптады.


Обама Германияда өткен G7 саммитінен кейін маңызды мәлімдеме жасады.


Саммитте Украинадағы дағдарыстың күн тәртібіне келгенін меңзеген АҚШ басшысы «Үлкен жетілік» тобы Украинаны қолдауын жалғастырады» деді.


Екі жылдан бері дамыған елдер жиналыстарының Ресейсіз өткізілгенін еске салған Обама «Үлкен жетіліктің әрбір мүшесі Украинаға бағытталған шабуылдаушы ұстанымына орай Ресейге санкцияларын жалғастырады» деді.


Сирия мен Иракқа шетелдік сарбаздардың кетуінің алдын алу тақырыбына да тоқталған Обама «әлі мыңдаған шетелдік жауынгердің Сирияға өткенін және артынан Иракқа баруда екенін көріп отырмыз» деді.


«Егер шетелдік жауынгерлердің қосылуын азайта алсақ, аймақтағы ДАИШ күштерін де әлсіретеміз» деді ол.


Барак Обама Ирак әскери жасақтарының жаттығуының да жылдамдатылуы керектігін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар