Женевадағы Йемен келіссөздері кейінге қалдырылды

Йемен дағдарысына шешім іздеу үшін басталатын келіссөздер кейінге қалдырылды.

290958
Женевадағы Йемен келіссөздері кейінге қалдырылды

Йеменде жалғасқан қақтығыстардың саяси келіссөзбен шешімін табуы үшін ертең Женевада БҰҰ басшылығында басталатыны жарияланған келіссөздердің кейінге қалдырылғаны білдірілді.
БҰҰ Бас хатшысынан жасалған мәлімдемеде келіссөздердің тараптар қосымша уақыт талап еткені себепті кейінге қалдырылғаны атап көрсетілді.
Келіссөздердің қашан басталатыны жайлы мәлімет берілмеген мәлімдемеде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның тараптарға алғы шартсыз тез арада келіссөздерді бастауға шақырғаны да атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар