Израильдің бұрынғы премьер-министрі Олмерт сотталды

Израильдің бұрынғы премьер министрі Эхуд Олмерт парақорлықпен 8 айға сотталды.

288463
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Олмерт сотталды

Иерусалим аймақтық соты Олмертті Нью-Йорктың бір іскерінен заңсыз ақша қабылдағаны себепті 100 мың шекел яғни шамамен 25 мың доллар айыппұл төлеуге үкім шығарды.
Олмерттің осы жазасы алдында парақорлықпен айыпталып сотталғаны 6 жылға қосылады.
Эхуд Олмерт Иерусалим қала әкімі болып қызмет еткен кезеңде (1993-2003) Холилэнд парк жобасында «заңсыз ақша алу» айыбымен сотталып, 6 жыл түрмеге отыру жазасына қоса, 1 миллион шекел яғни шамамен 250 мың доллар айыппұл салынған болатын.
69 жасар Эхуд Олмерт 2009 жылы өзі жайлы заңсыздық қауесеттері себепті отставкаға кетуге мәжбүрленген болатын. Олмерттің отставкаға кетуімен қазіргі премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың алды ашылған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар