Македонияда екі министр отставкаға кетті

Македонияның Куманова ауданындағы қарулы қақтығыс үкіметтің тыныштығын бұзды.

272891
Македонияда екі министр отставкаға кетті

Кейбір лауазымдылар телефон әңгімелерінің баспасөзде орын алуы және наразылық шерулері артқан соң Ішкі істер министрі Гордана Янкуловска мен Қатынас және коммуникация министрі Миле Янакиевский отставкаға кетті.
Министрлер отставкаға кету хаттарында елдегі саяси тұрақтылыққа үлес қосу үшін отставкаға кетуге шешім қабылдағандарын атап көрсетті.
Македония полициясы Куманованың Тоде Мендол аумағында сенбі күні азанғы уақытта қарулы топ қоныстанған үйге операция ұйымдастырды. Шамамен 28 сағатқа жалғасқан қақтығыста 8 полиция қызметкері мен 14 шабуылшы қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар