«Бұдан былай Әзірет Мұхаммедтің карикатурасын сызбаймын»

Шарли Эбдо журналының суретшілерінің бірі Луз Әзірет Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын сызбайтынын мәлімдеді.

256266
«Бұдан былай Әзірет Мұхаммедтің карикатурасын сызбаймын»

Француз карикатура журналы Шарли Эбдоның қаламгерлерінің бірі Луз бұдан былай Әзірет Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын сызбайтынын жариялады.
Қаңтар айындағы террор шабуылында нысанаға алынған Шарли Эбдо журналында «Луз» деген лақаппен сурет салған Реналд Лузиер бір француз журналына берген сұхбатында 7 қаңтардан кейін журналдан айырылғанын атап ешнәрсе сызбауға шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Дегенмен қаза тапқан достарын құрметтеу үшін сызуды жалғастырғанын атап айтты.
Луз «Бұдан былай Әзірет Мұхаммедтің карикатурасын сызбайтыны және осы тақырыппен шұғылданбайтынын» тілге тиек етті.
Луз журналдың шабуылдың артынан шыққан алғашқы нөмірінің сыртқы бетіне пайғамбардың суретін сызған болатын.
Парижде 7 қаңтар күні Шарли Эбдо журналына террорлық шабуыл басталған және үш күн бойы бірінен соң бірі жасалған лаңкестік шабуылдарда 17 адам қаза тапқан болатын.
Шабуылшылар полицияның операциялары барысында жансыз қолға түскен еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар