Йемендегі соғыстан қаза тапқандар саны артты

Бір айдың ішінде құрбан болғандар қатары 1080 адамға жетті.

248631
Йемендегі соғыстан қаза тапқандар саны артты

Әлем денсаулық сақтау ұйымының санақтары бойынша Йеменде соңғы бір айда 115-сі бала және 551-і халық болып мыңнан асқан адамның өлді.
Дәлірек айтатын болсақ, Йемендегі соғыстан қаза тапқандар саны артты. Бір айдың ішінде құрбан болғандар қатары 1080 адамға жетті. Бұдан басқа, 4352 тұрғын жарақат алған. Оның ішінде 48 бала мен 28 әйел ажал құшқан.
Әсіресе қарулы қақтығыстан елдің оңтүстігіндегі Эйден провинциясының халқы қатты зардап шеккен.
Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің коалициясы Йеменде шиіттік бүлікшілер-хоуситтерге қарсы әскери-әуе операциясы 26-наурызда басталған болатын.
Камал Әл-Сороури, жергілікті тұрғын -Қазір жаппай гуманитарлық дағдарыс болып жатыр. Саясаткерлер арасындағы қырқыс салдарынан мыңдаған үй қирап, қаншама адам құрбан болды. Елдегі қақтығыс тауқыметін 30 миллион Йемен азаматы тартып отыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар