Ауғанстанда Талибан лаңкестігі

Оқиғада алты адам қаза тапты.

225246
Ауғанстанда Талибан лаңкестігі

Ауғанстанның солтүстігіндегі Сары-Пул уәлаятында Талибан сарбаздары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс шықты. Қақтығыста алты адам қаза тапты.


Талибан сарбаздары алдымен полиция бөлімшесіне шабуылдады. Артынан қақтығыс басталды. Қақтығыста 3 Талибан сарбазы мен үш полиция қызметкері қаза тапты. Оқиғада Талибанның 4 сарбазы жарақат алды.


Үш күн бұрын да елдің солтүстіктегі Құндыз және Фариаб қалаларында Талибан сарбаздары мен полиция арасында шыққан қақтығыста 20 адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар