Голландия күнәсін мойындауда
Гаага аймақтық соты елдің отаршылдық тарихына байланысты күтпеген үкімдерге қолтаңба басты.
Голландия күнәсін мойындауда
Гаага аймақтық соты елдің отаршылдық тарихына байланысты күтпеген үкімдерге қолтаңба басты.
Сот Голландия үкіметінің жұбайлары тәуелсіздік соғысы барысында голландиялық әскерлер тарапынан өлтірілген Индонезиялық 9 әйелге құн ақы төлеуі керектігіне шешім берді.
Соттың хабарламасында әйелдердің күйеулерінің Голландия үкіметінің жауапкершілігінде құқыққа жатпайтындай түрде өлтірілгені айтылды.
Құн ақының мөлшері жөнінде дерек берілмеді.
Соттың осы үкімі басқа да соттарға үлгі болады, осылайша Индонезияда осыған ұқсас жағдайдағы жүздеген әйел Амстердам әкімшілігіне қарсы соттық іс аша алады.
Үкім отарлаушы болған Франция, Ұлыбритания және Бельгия сынды елдерге де өтімді болады.
1945 және 1949 жылдар арасындағы Индонезия тәуелсіздік соғысы барысында мыңдаған адам қаза тапқан еді.
Голландия 2013 жылы осы соғыс кезінде жасалған қырғынға байланысты Индонезиядан кешірім сұраған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.