Жолаушы ұшағының қалдықтарынан қазірге дейін 34 мәйіт шығарылды

Қолайсыз күн райы іздеу құтқару жұмыстарына кері әсер етеді.

171712
Жолаушы ұшағының қалдықтарынан қазірге дейін 34 мәйіт шығарылды

Апатқа ұшыраған "AirAsia" әуе компаниясына тиесілі жолаушы ұшағының қалдықтарынан 34 адамның мәйіті шығарылды.
Индонезияның Сурабая аралынан Сингапурға бет алғанда құлаған жолаушы ұшағы үшін іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.
Қолайсыз күн райы кейде іздеу жұмыстарын кешіктіреді. Ява теңізінің астында сүңгуірлердің іздеу жұмыстары жалғасуда.
Азия әуе жолдары (AirАsia) әуе компаниясына тиесілі ұшақты іздеу жұмыстары басталғалы екі апта өтті. Ұшақта 162 жолаушы мен экипажы бар болатын.
Жұмыстарда құлаған ұшаққа тән сынған 5 бөлшегі судан шығарылды. Мәйіттердің көпшілігінің ұшақтың кеудесінде қысылып қалғаны болжалады.
Іздеу құтқару жұмыстарына шамамен 30 кеме, 6 ұшақ және 14 тікұшақ қатысуда.
Индонезияның Сурабая аралынан Сингапурға бет алған "AirAsia" әуе компаниясына тиесілі жолаушы ұшағы өткен жексенбі күні Ява теңізіне құлаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар