Грекияда іздеу салынған террорист Ксирос ұсталды

1991 жылы Ксирос 2 түрік дипломатты атқан болатын.

172039
Грекияда іздеу салынған террорист Ксирос ұсталды

Грекияда іздеу салынғандар тізімінде бірінші орын алған атқыш Кристодулос Ксирос ұсталды.
Кем дегенде 23 адамды қасақана өлтірумен айыпталған Ксирос радикал Марксист көзқарастағы 17 қараша атындағы ұйымға мүше болатын.
Ксиростың Грекияда 1991 жылы екі түрік дипломатты қасақана өлтіргені де белгілі.
Қашып жүрген Ксиростың шаш өсіргені және сары түске бояғаны байқалды.
Ксирос жасырынған үйге басып кірген қауіпсіздік күштері 9 Калашников автомат, 3 тапанша, 2 граната және жарылғыш материалдар мен көптеген оқ қолға түсірді.
56 жасар Ксирос 33 террор шабуылынан 6 рет сотталған болатын.
Ксирос өткен жылы қаңтар айында отырған түрмеден жанұясымен кездесу үшін арнайы рұқсат алып шыққан соң қашқан еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар