Аир Азия ұшағының екі бөлшегі табылды

Теңізден табылған ұшақ бөлшектері зерттеліп жатыр.

169998
Аир Азия ұшағының екі бөлшегі табылды

Аир Азия ұшағының 2 үлкен бөлшегі табылды.


Индонезия су айдынында құлаған Аир Азия әуе жолына қарасты жолаушы ұшағының ең үлкен қалдығының орны анықталды.


Ұшақ бөлшектерінің бірінің ұзындығы 9 жарым, ені 5 метр көлемінде және жарты метр биіктікте.


Екінші бөлшектің ұзындығы 7 метр, ені жарты метр көлемінде.


Индонезиялық лауазымдылар ұшақ қалдықтарының суреттеріне негізделіп, сүңгуір топтардың іздеуге дайындалғанын білдірді.


Теңізден қазірге дейін 30 адамның мәйіті шығарылды.


Мәйіттер аты-жөні анықталғаннан кейін жанұяларына тапсырылып беріледі.


Индонезия Қатынас министрлігі Аир Азия әуе жолдарының ұшу сағаттарына қайшылық жасап-жасамағанына байланысты тергеу бастады.


Министрліктің мәлімдемесінде фирманың жексенбі күні Сингапурға ұшу рейсі жоқ екенін білдіріп, осы рейсті тоқтатты.


Аир Азия фирмасының барлық ұшу рейстерінің күні мен сағаты зерттеліп жатыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар