Нетаньяху үйлерді құлатуға бұйрық берді

Нетаньяху айырықша шабуылдарды арандатқандарға берілетін жазаны да арттыруға шешім қабылдады.

195335
Нетаньяху үйлерді құлатуға бұйрық берді

Нетаньяху үйлерді құлатуға бұйрық берді.


Иерусалимде синагогаға жасалған шабуылдан кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху шабуыл барысында қаза тапқан екі палестиналық азаматтың үйлерінің құлатылуы үшін бұйрық берді.


Нетаньяху айырықша шабуылдарды арандатқандарға берілетін жазаны да арттыруға шешім қабылдады.


АҚШ президенті Барак Обама мен Таяу Шығыс төрттік өкілі және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр синагога шабуылын айыптады.


Обама израильдік және палестиналық басшыларды азаматтардың қызуын төмендету, қақтығыстан аулақ болу және бейбітшілікке бағытталған жол табу үшін бірігіп жұмыстануға шақырды.


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да шабуылды айыптап, тараптарды арандататын сөздерден аулақ болуға шақырды.


Сонымен қатар Иерусалимде еврей қоныстанушылар палестиналық бір адамды пышақтап жарақаттады. Палестиналық азаматтың жағдайы ауыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар