Израиль келісімге қарамастан әлі оқ жаудыруда

25 Палестиналық қаза тапты

76226
Израиль келісімге қарамастан әлі оқ жаудыруда

Газа секторында Палестина мен Израиль арасында 72 сағаттық гуманитарлық жәрдем жеткізу мақсатымен жарияланған оқ атуды тоқтату сағат 08:00-де басталды.
Бірақ бұл келісімге қарамастан Израиль Рефах қаласына зеңбіректен оқ жаудырды.
Шабуылда 25 Палестиналық қаза тапты, ондаған адам жараланды.
ХАМАС-тың қарулы күші Кассам бөлімшесі де Израильге ракетамен жауап берді.
Израиль премьер-министрі Нетеньяху оқ атуды тоқтату келісіміне қарамастан туннельдерді бомбалауды жалғастыратынын білдірді.
Тараптар оқ атуды тоқтату мерзімін ұзарту үшін Каирде кездесетін болады.
Израиль шабуылдарынан өлген Палестиналықтардың саны 1450-ге шықты, жаралылардың саны болса 8000-ға жуық.
Израиль әскерлері Газада қызмет атқарып жүрген Анадолы агенттігі тобына да оқ атты. Осының салдарынан Анадолы агенттігінің операторы Метин Йүксел Кая жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар