Украинада халық қайта үйлеріне орала бастады

Қақтығыстан қашқан халық оралған елді-мекендерде тіршіліктерін реттеуге тырысады

73554
Украинада халық қайта үйлеріне орала бастады

Украинада халық армияның бақылауына өткен қалаларға кері орала бастады.

Луганск аймағында Ресей жақтаушысы топтар мен армия жасақтары арасында бір аптадан бері жалғасқан қақтығыстардың артынан Украина армиясының бақылауына өткен қалаларда тіршілікті реттеу жұмыстары жалғасуда.
Қақтығыстар себепті қалаларын тастап кеткен халық Лисичанск пен Северодонецкке қайта орала бастағаны үшін жолдарда ұзын көлік керуендері назар аударды.
Бөлшектеуші топтың қайта шабуылдау ықтималына қарсы аймақта көптеген қауіпсіздік пункті құрған армия жасақтары қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейге көтерді.
Қақтығыстарда қолданыстан шыққан ғимараттар халық тарапынан босатылып жатқанда, азық-түлік тапшылығына ұшыраған халық сауда дүкендерінің алдында ұзын кезектер жасады.
Қалалардың кіріс және шығыстарына танктарды қоныстандырған армия жасақтары бақылау пункттерінде куәлік тексеріп, аймақта қауіпсіздік шараларын жалғастыруда.
Электр мен газ тапшылығы жалғасқан қалаларда телефон байланысы қамтамасыз етіле алмай отыр.
Аймақта қираған және зиян келген үйлерді өз күшімен жөндеуге тырысқандарға қоса кері оралғандардың кейбіреулері қақтығыста құлаған үйлеріне қайғыруда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар