Украинада жазықсыз халық үйлерін тастап қашуда

Донецкте халық қаланы тастап кетуде

131417
Украинада жазықсыз халық үйлерін тастап қашуда

Украинаның шығысында армия жасақтары мен Ресей жақтаушылары арасындағы қақтығыстар артып жатса, халық қақтығыстар шоғырланған аймақтарды тастап кетуде.
Армия жасақтары мен бөлшектеуші орыс жақтаушылары арасында қақтығыстар Донецк пен Луганск аймақтарында шоғырланды.
Осында өмір сүрген жазықсыз халық қақтығыстар күшін арттырған соң аймақтан өз қалауларымен кете бастады.
Донецкте белгіленген жиналу орталығына келген украиналықтар қастарына алған бірнеше затпен автобустарға отырып, қаладан айырылады.
Автобустармен ең жуық қауіпсіз аймақтарға барған украиналықтар оқиғалардың тез арада тоқтауын және үйлеріне қайтуды үміт етеді.
Донецк төңірегіндегі байланыс жолдарында ұзын көлік кезегі назар аударады.
Әсіресе оңтүстіктегі Мариуполь жолы үстіндегі қаланы тастап кеткен украиналықтар өте ұзын көлік кезегінде күтеді.
Луганскта болса қақтығыстар үздіксіз жалғасқаны, жазықсыз адамдардың көпшілігінің Ресейге өткені және қақтығыс аймағынан қашуға тырысқаны атап көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар