Украинада аза жарияланды

Украинада құлатылған әскери ұшақтағы 49 әскер үшін бір күндік аза жарияланды

95184
Украинада аза жарияланды

Украина президенті Петр Порошенко бөлшектеушілер тарапынан құлатылған әскери ұшақта 49 адамның қаза табуы себепті бір күндік аза жариялады.
Порошенко мұндай террор оқиғаларына араласқан баршаның жазаланатынын атап көрсетті.
Осы шабуыл Украинада үкімет пен бөлшектеушілер арасында бірнеше айдан бері жалғасқан дағдарыс пен қақтығыстардың ең қандысы болды.
Әскери жүк ұшағының қонған кезде шығыстағы Луганскта құлатылуы, бөлшектеуші топтың ұшақ қағар сияқты ауыр қарулардың қайдан тапқаны сұрағын күн тәртіпке әкелді.
Басқа жағынан ұшақтың құлатылуына наразылық көрсеткендер, Киевтегі орыс өкілетті елшілігі алдында жиналды.
Ресейге қарсы ұран тастаған шерушілер ғимаратқа тас және жұмыртқалармен шабуылдады.
Елшілікке тән көліктерге зиян келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар