Асад әскерлері 50 адамды өлтірді

7 қалаға шабуыл жасалды.

89361
Асад әскерлері 50 адамды өлтірді

Сирияда әкімшіліктің әскери жасақтары 7 қалада ауыр қарулармен шабуыл жасады.
Сирия Адам құқықтары ұйымының мәлімдемесіне қарағанда, осы шабуылдарда Дамаскінің шалғай аудандарында 18, Халебте 10, Дерада 8, Идлибте 5, Хомуста 4, Хамада 3 және Дейруз Зорда 2, барлығы 50 адам опат болды.
Сонымен қатар Сирия ресми ақпарат агенттігі САНА қауіпсіздік күштерінің Хама, Халеб, Дера және Дамаскінің шалғай жерлерінде көптеген қарулы адамды ықпалсыз жағдайға келтіргенін хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар