Мамандар Сирияда тексеру жүргізеді

Халықаралық топтың қауіпсіздігін Сирия қамдайды.

61921
Мамандар Сирияда тексеру жүргізеді

Сирияда хлор газы қолданылғаны жөнінде Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы тексеру жүргізеді.
Орталығы Голландияның Гаага қаласында болып табылатын ұйым осы аяда Сирияға мамандар тобының жолданатынын білдірді.
Бұл талапты Сирия да қабылдап отыр.
Мамандар тексеру жүргізетін аймақтарда қауіпсіздікті Дамаск әкімшілігі қамдайды.
Кейбір батыстық елдерде Сирия әкімшілігінің соңғы кезде қайтадан химиялық қару қолданғанын тілге тиек еткен болатын.
Франция президенті Франсуа Олланд осы аяда «Асад әкімшілігінің химиялық қару қолданғаны жөнінде деректер бар, бірақ нақты айғақ жоқ» деген еді.
Өткен жылы Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымына мүше болған Сирия химиялық қарулардың барлығының шетелдерде жойылуын қабылдаған болатын. Шамамен 92 пайызы елден шығарылған Сирияның химиялық қарулары Америка Құрама Штаттарының бір кемесінде жойылады.
Сирияда сонымен бірге шайқас жалғасып жатыр. Жойғыш ұшақтар Халеб қаласына қарасты Етариб өңірінде азаматтық қорғаныс ғимаратын бомбалады. Дамаск және Хомустағы шабуылдарда да 51 адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар