Украинаның Мариуполь қаласында қақтығыс шықты

Украинаның шығысында Ресей жақтаушылары бастаған көтеріліс жалғасуда

60816
Украинаның Мариуполь қаласында қақтығыс шықты

Азов теңізі маңындағы Мариуполь қаласында 300 шақты орыс жақтаушысы жарылғыш және қарулармен әскери бір базаға шабуылдады.

Әскерлердің қарсылық беруі нәтижесінде 3 шеруші қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Украина әскерлері 60-қа жуық Ресей жақтаушысын тергеуге алды.

Елдің шығысындағы басқа қалаларда да дағдарыстар жалғасуда.

Аймақтағы 10 қалада әкімшілік ғимараттары орыс жақтаушысы қарулы топтардың бақылауында.

Украина армиясы басқыншылық астындағы әкімшілік ғимараттарын кері қайтару үшін Краматорск қаласы орталығына басып кірді.

Қалада кейбір Украиналық әскерлердің қару және көліктерімен орыс жақтаушыларына қосылғаны білдірілді.

Елдегі дағдарыс Донецк аймағының артынан Одессаға тараған және қаладағы Ресей жақтаушылары бір жақты тәуелсіздік жариялаған болатын.

Басқа жағынан Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресейді «Украинаның тәуелсіздігін жою» және «Украинаға террор экспорттаумен» айыптады.

Киев әкімшілігі елдің тұтастығын қорғау үшін Ресейдің қарсы шыққанына қарамастан НАТО-ға қосылғысы келеді.

Украинадағы дағдарыс тереңдеген соң НАТО Шығыс Еуропаға қосымша жасақ жіберуге шешім қабылдаған болатын.

Америка Құрама Штаттары Прибалтика мемлекеттері мен Польшаға жойғыш ұшақтары жіберген болатын.

Германияның болса жанармай кемесі мен алты жойғыш ұшақ жіберуді жоспарлағаны атап көрсетілді.

Басқа жағынан Украинадағы көтерілістер Молдавияға да тарады.

Ресей жақтаушысы Транснитрия Ресейден тәуелсіздігін тануын талап етті.

Транснитрияда 2006 жылы өткен референдумда халықтың 97 пайызы тәуелсіздік және Ресейге қосылу тақырыбында дауыс берген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар