Қазақстан ғарышқа үшінші ғарышкерін жолдады

«Союз» кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.

373126
Қазақстан ғарышқа үшінші ғарышкерін жолдады

Халықаралық ғарыш стансасына ғарыштық кеме ұшырылды.


Халықаралық стансада қызмет атқаратын үш ғарышкерді тасыған «Союз» кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.


Экипаж құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Сергей Волков, бортинженерлер - Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар.


Ғарышкерлер стансаға жұма күні жетеді.


Жаңа экипаждың стансаға баруымен Халықаралық ғарыш стансасындағы ғарышкер саны 9-ға жетеді. Могенсен мен Айымбетов стансаның қазіргі жетекшісі орыс ғарышкер Геннадий Падалкамен бірге 12 қыркүйек күні Жерге қайта оралады.


Падалка Халықаралық стансаның басшылығын НАСА-дан Скот Келлиге тапсырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар