Анкарада Қазақстан самалы

6-шы Халықаралық Рамазан шараларында Қазақстан самалы есті.

313390
Анкарада Қазақстан самалы

Қазақтың танымал ақыны, ақын-жырау Сүйінбай Аронұлыны еске алу бағдарламасы аясында сахнаға шыққан қазақ өнерпаздар ұлттың мәдени байлығын тағы бір рет паш етті.


Кечиөрен муниципалитетінің дәстүрлі Рамазан кештерінің бірі Түріксой Қазақстан кеші таңбасын басты. Шараға муниципалитет төрағасы Мұстафа Ак, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев, Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және түріктің белгілі саясат қайраткерлері қатысты.


Бағдарлама аясында Калаба аудан орталығында салтанатты түрде Қазақ киіз үйі ашылды.


Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Халук Ипек: «Осы бақытты сәттердің қадірін білуіміз керек. Менің жастық шағымда қазақ бауырлармен табысуды арман қып, бірақ көре алмай кеткен жолдастарым бар» деді.


Алматы облысы әкімі Баталов атақты ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығын атап өткендерін еске салып, «осындай мерекелер мен достық мәңгі болсын» деді.


Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі Түймебаев екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Кечиөрен муниципалитеті төрағасы Мұстафа Ак мырзаға «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық медалін» табыс етті.


Алматы облысы әкімі болса Мұстафа Акқа шапан кигізіп, сыйлық табыс етті.


Анкарадағы мерекелік шараға арнайы келген «Сүйінбай сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі болса түрік көрермендерді тәнті қылды.


Қазақ өнерпаздар анкаралық өнер сүйер қауымды түрік тілінде айтылған әндермен де таң қалдырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар