Қазақстан елшілігінде Қазақ хандығы конференциясы

Түркі әлемі жазушылар және өнер қайраткерлері қорының «19-шы Халықаралық Түркі әлеміне қызмет жүлделері» табыс етілді.

280771
Қазақстан елшілігінде Қазақ хандығы конференциясы

Түркиядағы Қазақстан елшілігі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай конференция өткізді.


Конференцияда Қазақ хандығы жөнінде фильм көрсетілді.


Конференцияның беташарында сөз сөйлеген Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев Қазақ хандығының 550 жылдығы болып табылатын 2015 жылдың сонымен бірге Қазақстанның тәуелсіз атазаңының 20 жылдығына дөп келгенін атап айтты.


Қазақ хандығының «мәңгі ел» идеясымен құрылғанын айтқан Түймебаев «Мәңгі ел идеясын қорғауды жалғастыру мақсатымен құрылған президент Нұрсұлтан Назарбаев басшылығындағы бүгінгі Қазақстан тек аймағында ғана емес, әлем аренасында да алдыңғы қатарда» деді.


«Құрылған күнінен бүгінгі күнгі дейін Қазақстанның көрші елдермен байланысы бейбітшілік пен тыныштық негізіне сүйенеді» деген елші Қазақстанның көптеген халықаралық ұйымда инициатива көтергенін айтты.


Түркі әлемі жазушылар және өнер қайраткерлері қорының төрағасы Яхия Акенгин де Қазақстан Республикасының негізін Қазақ хандығы қалыптастырғанын, қаза ұлтының екі мың жылдық ұлт екенін еске салып, «Түркі ұлты - ұлы мәдениеттің атауы» деді.


Түркі әлемі Инженерлер және сәулетшілер одағының бас хатшысы Др. Илияс Демирджи болса Түркі-Ислам қалалары саласында жұмыс атқарғандарын, конференциядан кейін «Алматы – Ислам мәдениеті астанасы» аясындағы симпозиумға қатысу мақсатымен Таласқа баратындарын айтты.


Халықаралық Түркі академиясы төрағасы Дархан Қыдырәлі мен Түрік тарих мекемесі төрағасы Проф. Рефик Туранның баяндамаларынан кейін Түркі әлемі жазушылар және өнер қайраткерлері қорының «19-шы Халықаралық Түркі әлеміне қызмет жүлделері» табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар