Ақтау мен Махачкала - бауырлас қалалар

Ақтау-Махачкала қалалары арасында достық пен ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

139530
Ақтау мен Махачкала  - бауырлас қалалар

Қазақстанның Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, қала әкімі Еділ Жаңбыршин Махачкала қаласы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Рафик Бутаевпен кездесті.


Кездесуге Дағыстанның Махачкала қаласы әкімшілігі басшысының көмекшісі Р.Хинабиев, «Халық келісімі» ҚБ төрағасы Ю.Шахшаев, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы М.Молдағұлов, қала әкімдігінің аппараты мен БАҚ өкілдері де қатысты.


Ағымдағы жылдың маусым айында қала әкімі Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасына іс-сапары кезінде Махачкала қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы М.Сулеймановпен кездескен болатын. Аталған кездесу барысында екі тарап қалааралық мәдени, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды орнату мәселесін талқылаған еді.

 Ақтауда өткен Еуразия қалаларының халықаралық конференциясына қатысқан дағыстандық делегация мүшелері қала әкімімен кездесіп, Е.Жаңбыршин мен Р.Бутаев Ақтау-Махачкала қалалары арасында достық пен ынтымақтастық ниеті туралы Келісім жасау хаттамасына қол қойды.


Бұл хаттама негізінде тараптар қалалар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға күш салады және сауда, экономика, ғылым, мәдениет, экология және басқа да салалар бойынша қарым-қатынас орнату және оны дамыту үшін, сапар алмасуға мүмкіндік жасайды.


Сурет Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар