Ақтауда түркі халықтары музыкасының фестивалі өтті

Фестивальге Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан елдерінің өкілдері қатысты.

131915
Ақтауда түркі халықтары музыкасының фестивалі өтті

Маңғыстау облысының орталығы ақмаржан Ақтау қаласының 51 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар қатарында 18 қыркүйек күні түркі халықтары музыкасының фестивалі өтті.


Фестиваль өңірдегі түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын насихаттау мақсатында «Бір шаңырақ астында» атты ұлттар достығын әспеттейтін ауқымды әлеуметтік жобаның аясында ұйымдастырылып отыр.


Шараға қала әкімі Е.Жаңбыршин, Ақтаудағы Әзірбайжан, Түркия және Иран Ислам мемлекеттерінің Бас Консулдары, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының төрайымы, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, депутаттар, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.


2013 жылы қолға алынып, аймақтық деңгейден елдік, халықаралық дәрежеде жоғары баға берілген «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобасы ұлттар достығын нығайтып, бірлік шаңырағын берік етуде маңызды рөл атқаруда.


Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынған хабарға қарағанда, аталған фестивальде қазақ, әзірбайжан халықтарының ұлттық әндері шырқалып, күйлері тартылды. Ал, өңірімізге белгілі жыршы Амандық Көмеков түркімен халқының әндері мен жырларын тарту етті. Бауырлас Самсун қаласынан келген мәдениет саласының өкілдері Хакан Демир мен Ерол Еркул түрік халқының дәстүрлі әндерін шырқады.

Суреттер Ақтау қаласының әкімдігінен алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар