Қазақстанда жаңа тағайындаулар

Мемлекет басшысы кейбір министрлердің орынбасарларын тағайындады.

90060
Қазақстанда жаңа тағайындаулар

Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жаңа орынбасарлары мен жауапты хатшыларды тағайындады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Хабарға қарағанда, мемлекет басшысының өкімдерімен


Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне;
Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне;
Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды;
бұрынғы атқарған қызметтерінен босатыла отырып:
Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар